АЛИЭКСПРЕССТАҒЫ 10 ЖИІ КЕЗДЕСЕТІН ҚАТЕЛІКТЕР

Бұл жазбада мен алиэкспресс сайтында тапсырыс беруде кететін қателіктер жайлы айтып беремін. Өз тапсырыстарымның тәжірибесіне сүйене отырып, 10 жиі кездесетін қателіктерді сізге болдырмауға көмектескім келеді. Сонымен бастайық.

1. Біздер барлығымыз ең арзан тауарды таңдағанды жөн көреміз. Тауарды таңдау кезінде алиэкспресс сайтында ең арзан тауарды таңдап соған арқа сүйер болмаңыз. Әдетте әрбір сатушыда бір тауар әртүрлі бағамен кездеседі. Мысалы ең арзан сағат таңдайтын болсаңыз, ол тауар сізге көп уақыт өтпей істен шығуы мүмкін. Әсіресе арзан брендты тауарлардан сақ болыңыз.
Менің тәжірибем: бірнеше сатушыны қарап орташа бағалы тауарды сатып аламын. Бұл ереже ешқашан қателестірмеді!

2. Тағы бір жағдайды қарастырайық: сатып алушы сайтқа кіріп, бір ұнаған тауарды көріп таңдап, соған тапсырыс береді.
Менің кеңесім! Тауарды таңдау кезінде, сатушыны да дұрыстап таңдаңыз. Сатушының дүкеніне кіріп соңғы қалдырған пікірлерді және рейтингісін қараңыз. Сатушыға сұрақ қоюға қорықпай, қалай жауап бергенің күтіңіз. Сатушылардың барлығы ағылшынша сөйлеседі, ағылшынша білмесеңіз, гугл аудармамен аударып түсіңе аласыздар!

3. Киім алған кезде өлшемді дұрыс таңдап және өлшеміңізді шешуге дайын болыңыз. Барлық елдерде әртүрлі өлшемдер кездеседі американдық, еуропалық және азияттық, сол үшін сатушылар киім өлшемдерінің таблицасын сипаттамаға салады. Қорықпай үйдегі метровкамен мысалы қолдың ұзындығын немесе бөксеңізді өлшеуіңізге болады. Бұл өте маңызды. Таблица ағылшынша болса гугл аудармада аударуыңызға болады!

4. Мүмкін сізге бір жалғыз тауар қатты ұнап, тек соны жалғыз сатушы сатса, бірақ тауарда теріс пікірлер көп болса, ондай тауарды ала көрмеңіз. Бұл жағдайда, шын мәнінде сапасыз өнім алуға мүмкіндік бар.

5. Сіз тапсырысты берген кезде, дұрыс мекенжай көрсетпеген болсаңыз. Мысалға сіз достарыңыздың туыстарыңыздың мекен жайына тапсырыз бересіз. Бұл мәселе оңай шешіледі сатушыға онлайн чат арқылы немесе тауардың астында жазып жіберсеңіз болады. Бірақ тауарды жібергеннен бұрын істеңіз!
Мекенжайды дұрыс жаза біліңіз, ағылшынша аударып жазып, индексті де ұмытпаңыздар! Индексті қазпошта сайтында мекен жаймен іздеуге болады немесе жақын жердегі поштаның индексін сұраңыз!

6. Егер тауарды бақылап тапсырыс мекен жайға келгенің көріп жеке кабинетте тауардың келгенің растадыңыз. Олай істей көрмеңіз себебі сіз тауарды ашып тексеріп алуыңыз керек, қалай сіз тауардың сапасы жақсы екенің көргеннен кейін ғана растауыңызға болады. Себебі тапсырысты қайтарып өзіңізге ақшаны алуға қиындатуы мүмкін. Әсіресе электронды техникалық тауарларды асықпай тексеріп алыңыз. Сапасыз тауар болса спор ашуға болады және 100 пайыз немесе жартылай ақшанызды қайтаруыңыз мүмкін!

7. Алиекспресс сайтында көтерме бағамен көп тауар сатып алуға болады. Сондай тауарларға тапсырыс берген кезде біздің кеден заңнамасың білген жөн, себебі белгілі тауарлардың қанша данасын салықсыз өткізуге болатының біліп алуыңыз керек.

8. Сіздің жеке алиэкспресс аккаунтың блокқа түспеу үшін сатушымен сыпайы сөйлесіп басқа жағымсыз сөздер спам жібермеуіңізге жол бермеңіз.

9. Егер сатушы тапсырысты оның жеке шотына немесе электрондық шотқа төлеңіз десе, оған сеңбеніз. Себебі алиэкспресс сайтында төлеу қауіпсіз, сатып алушыларды қорғау функциясы бар. Ақша тікелей сатушыға түспейді, тек тапсырысты растағанда ғана алиэкспресс ақшаны сатушыға аударады.

10. Сатушымен болған хабарламаларды өшірмеңіз, себебі ол ертең дәлел ретінде болуы мүмкін. Тағы да қосатыным тапсырысты ашқанға дейін видеоға нөмірін, барлығын нақты түсіріп ашуыңыз керек, сапасыз тауардың тағы да бір дәлелдемесі болуы әбден мүмкін.
Міне бұл менің тәжірибеме сүйеніп алиэкспресс сайтында тапсырыс бергендегі 10 қателік, осы мәліметке қосатын өздерінің қателіктерін болса видеоның астында пікір қалдырыңыз! Мықты смартфон немесе менікіндей микрофон алатын болсаңыздар сілтемесін сипаттамада қалдырып кетемін! Шопингтарын сәтті болсын видеоға лайк қойып, каналға жазылуға ұмытпаңыздар!